СРОЧНО! даю 10 баллов​

СРОЧНО! даю 10 баллов​

-Кешіріңіз,біз "Қайырымдылық" қоғамынан волонтёр боламыз.Сізден сұхбат алсақ деп едік.-Сәлеметсіздер ме? Не жайлы сұхбат?- "Ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас" тақырыбына.- Қарым-қатынас дейсіз бе? Мм, ойланып көрейін.- Рахмет,сізге келіскеніңізге.Ендеше, 1-ші сұрағымыз : Күнделікті өмірде осы ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты көріп жүрсіз бе,нені бақыладыңыз?- Әрине, бұл тақырып әдебиетте де ,өнерде де,өмірде де мәңгілік тақырып болып қала беретіні сөзсіз.Менің байқағаным, үлкен адамдарға, айталық,қарттарға басқалардың мейірімділікпен қарауы, сыйлауы, қамқорлығы азайған сыңайлы.-Олай айтуыңызға қандай себеп бар деп ойлайсыз?- Мәселен, қоғамдық орындарда,көлікте үлкен кісілерге орын бермей жатады.Кезекте тұрғанда қарт кісілерді өткізіп жіберуге тырыспайды. Көшеде бір құлап жатқан адамның жанынан бейтарап өтіп кетіп жатады.- Сөзіңізге дәлел келтірдіңіз. Ол үшін сізге рахмет.- Келесі білгіміз келетіні сіз мәңгілік тақырып деп қалдыңыз, сонда бұл тақырып шешуін таппайды деп ойлайсыз ба?- Шешуін неге таппасқа? Үлкен мен кішінің арасында сыйластық болса,қарттарымызды қадірлеп,қамқорлығымызға алып жүрсек, күш-қуаты азайған шағында оларды демесек, олар да ұрпағына риза болып,жалғыздық сезінбеген болар еді. Ал, "Әке мен бала", яғни ұрпақтар сабақтастығында үнемі келісім бола бермеуі мүмкін.Өйткені,әрбір ұрпақ-жаңа заман,жаңа дәуір,жаңа ой-пікір, сондықтан олар әкелердің ойымен тоғысып жатпауы да мүмкін.- Ойыңызбен келісемін. Осы тақырыпты қозғауға не себеп болды деп ойлайсыз?-Сұрағыңыз орынды және бұл сұрақтың туындауына да қазіргі заман талабы себеп болған шығао деп ойлаймын. Өйткені, нарық заманы деп материалдық жағдайына көңіл бөлген адамдар, рухани, яғни,жан-дүниесі жұтаңданып бара жатырған сияқты. Бәрі деуден аулақпын,әрине. Мысалы,сіздер "Қайырымдылық"қоғамынансыздар, осы қоғамды құруға да адамдардың үлкендерге көзқарасының, қарым-қатынасының қалыпты болмауы себепші болды емес пе? Сондықтан ешкімнің кеңесінсіз әрбір азамат қарттарға қамқорлықты жауапкершілігім, міндетім деп түсінсе деймін.Алысқа бармай-ақ, сыйластық пен құрметті өз ата-анасынан бастаса, соларға адал ұл мен қыз бола біліп, қызметін жасап, борышын өтесе. "Атаңа не істесең,алдыңа сол келеді" деген нақыл бекер айтылмаған болса керек.- Өте орынды айттыңыз.Енді бір сұрақ: Жастарымыздың, жалпы адамдарымыздың қатігездікке, немқұрайдылыққа бой алдыруына не себеп деп ойлайсыз?- Бұл сұраққа дәл,нақты жауап айту қиын.Дегенмен, жауап беріп көрейін. Біріншіден,кейінгі ұрпақтар дайын,әзір нәрсеге ие болуда. Ата-ананың арқасында еңбек етудің не екенін білмейтіні де бар,бәрі солай дайын күйінде болуы тиіс,ата-ана табуға міндетті сияқты. Екіншіден, бәрін сатып алуға болатын жағдай болды:ақылы оқу бар, ақылы емделу бар бастысы-ақшаң болса болғаны.Сондықтан,ақшаны басты мәселе қылып қойған адам, кітап оқып,жан-дүниесін байытып қайтсін? Үшіншіден, ата-ана мен баланың, жалпы аламдардың арасында араласу,қатынасу,әңгімелесу аз, неге десеңіз, теледидар мен телефонда бәрі бар:шетелдік қатігез фильмдер ме, дүниедегі ең бай,ең әдемі,ең сәнді адамдар туралы жарнамалар ма, қандай да бір жұлдыздың өмірі ме, не керек солар бар.Соны дұрыс болғасын көрсетеді екен деп,дәл сондай болу керек деп ұмтылатын ұрпақ үшін басқа дүние керек емес.- Толыққанды жауабыңыз үшін рахмет. Енді біз осы ұрпақ сабақтастығындағы қарым-қатынасты жолға қою үшін не істеуіміз керек?- Оның жолы мынау деп атап көрсету оңай емес,әрине, атам-әжеміздің сөзімен айтсам, "ұят болады", "олай етуге болмайды" деген сөздерге құлақ асу керек сияқты. Барлық ата-ана педагог емес қой,сондықтан бала тәрбиесінде мұғалімнің іс-әрекетіне,тәрбие беру үрдісіне жүгінген жөн сияқты. Кейде баласына сын айтқан мұғалімді бетіне келтірмей, сөзіне құлақ аспай баласын жақтайтын ата-аналарды көріп қынжыласың.Ондай "махаббатпен" өзін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеймін деп ойлау қате сияқты.-Демек, сіз ата-ананың да тәрбиесіне байланысты дегіңіз келеді ғой.-Әлбетте, ата-ана үлгісімен,айналасындағырмен қарым-қатынасымен өз баласын тәрбиелейді деп ойлаймын.- Бұл сұраққа нақты жауап беру оңай емес екенін айтиым ғой, тәрбие мәселесіне қатысушы көп болса, нәтиже соғұрлым көп деп ойлаймын.-Әңгімеңізге рахмет. Кездескенше сау болыңыз.-Сау болыңыз!

Оценить ответ

Загрузить картинку
Не нравится ответ?

Если ответ на твой вопрос отсутствует, или он не полный, то рекомендуем найти информацию через поиск на сайте.

Найти другие ответы
Новые вопросы и ответы