Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы тақырыбына эссе. Пожалуйста

Өсімдіктердің адамзатқа пайдасыӨсімдіктердің адамзатқа пайдасы зор. Біріншіден, кейбіреулері дәрілік болса, енді басқалары тамақ үшін, түрлі бояулар, құрылыс материалдарын жасауға пайдаланылады. Өсімдік өспейтін жер жоқ. Өсімдік суда өседі, тауда да өседі, таста да өседі, құмды, шөл далада да өседі екен. Өсімдіктердің түрлері өте көп. Біреуі шөлді ұнатады, яғни су аз жерді, біреуі суды, ал біреуі көлеңкені ұнатады. Біреуі қатты аязға шыдаса, біреуі аз суықта өліп қалады.Өсімдіктер ауаны тазартады. Зиянды улы газдарды жұтады, оттегін бөліп шығарады. Айналаға көрік сыйлайды.

Оценить ответ

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы





Өсімдіктердің суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Топырақ, өсімдіктері — бактериялар, балдырлар, кейбірі саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде маңызды роль аткарады.
Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3 км тереңдікте болады.
Жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады.. Жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау — басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі.Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез — күрделі биологиялык процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті — хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осынын, нәтижесінде мол органикалық косылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялык байланыстар энергиясына айналдырады.
Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара-пар.
Шамамен алғанда кұрылықтьң өсімдіктер қабаты жыл сайын 20—30 млрд т. көміртегін пайдаланады.
300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және суларда болатын көміртегіне тен. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалық заттар құрады. Олардын 122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд тоннасы – мұхиттағы өсімдіктер үлесіне тиеді.
Жыл ішіндегі фотосинтез өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі электростанциялардың қуатынан 100 есе асып түседі.
Фотосинтез миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып келеді. Бұл уақыт ішінде көптеген органикалық заттар жинақталды.

Олардың бірқатары мұнай, жанатын газ, тас көмір, торф, т.б.. Көмір, мұнай күйінде кездесетін көміртегінің өзі барлық тірі организмдерде кездесетін көміртегінен 50 есе көп. Өсімдіктер құрамына кіретін химиялық элементтер де көп. Бұған қосымша өсімдіктердің табиғатқа, адам өміріне, өндіргіш күштердің дамуына тигізетін пайдалы әсерін ескерсек, өсімдіктерсіз өмір жоқ деген қорытынды жасауға болады. Өсімдіктер табиғат биоценозында үлкен роль атқарады. Ол топыраққа, жануарлар дүниесіне, микроорганизмдерге пайдалы. Өсімдік түріне қарай биоценоз да әртүрлі болады. Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор. Ол әртүрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік шикізаттың, құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі. Жерді күшті су ағыстарынан қорғайды, құнарлы жерлерді құм басудан сақтайды. Өсімдік адам баласына психогигиеналық әсер етеді.

Өсімдік ресурстарының бастысы – орман. Ол жер шарындағы биологиялық активті оттегінің 60 процентін береді. Оның көмегімен (т.б. экологиялық жүйелердің қатысуымен) атмосферада оттегі тұрақты болады, осының арқасында 2 млрд. жылдай біздің планетамызда өмір жалғасып келе жатыр. Орта дәрежеде бір ағаш 24 сағат ішінде үш адамның бір тәулікте демалуына жететін оттегі бөліп шығарады. Орман адамға керекті шикізат – ағаш береді. Ол үй тұрғызуда, кеме, ауыл шаруашылығында, машина жасау өнеркәсібінде, темір жол транспортында (шпал, вагон), ағаш ыдыстар жасауда пайдаланылады.

Ағашты басқа синтетикалық материалдармен ешқашан алмастыруға болмайды. Орманда өсетін ағаштар қағаз, спирт, скипидар, канифоли, глицерин, кір жуғыш нәрселер, смола, жидек ашытқыштар, эфирлы майлар алатын шикізат болып табылады. Ағаштан 20 мыңнан аса әр түрлі бағалы нәрселер өндіруге болады. Ормандарда ауыл шаруашылғы аңшылық ұйымдастырылады, көптеген бағалы шипалы өптер жиналады, жеміс-жидектер дайындалады.

Орманның ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар болады. Соның арқасында орманда демалған адам салкынға көп берілмейді, олардың кан құрамы жаксарады, канның қысымы төмендейді, шаршағаны басылады, дәлірек айтқанда орманда дем алғаннан кейін енбек өнімділігі артады. Орманның төбесінен өткен су сүзіліп, тазарып шығады, ол лабораторияда сүзгіштен өткен судан артық болады. Орманның далада қар ұстау үшін де манызы зор. Орманның көмегімен жел және су эрозиясының орын алуына жол берілмейді, осының аркасында топырақтың тұзданып кетуіне тойтарыс беріледі. Ормандарда қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен қар суымен тасқынның болуына мүмкіндік жоқ, еріген су жерге ақырын сіңіп үлгереді, оның қүнарлылығын көтереді, одан асқан су өзендер мен көлдердін деңгейін толтырады. Осыдан көріп отырғанымыздай, орман адам өмірінде, экономикада сан қилы роль атқарады.







Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер – адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өңдірістің әр түрлі салаларында қолданылады.
Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс –жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды.Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер.
Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгаландыруға пайдаланады.
Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артыпе келеді. Мұның өзі адаманың табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы қажет.
Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны жинақтауда академик Н.И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н.И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние жүзінінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары (Кәрім Мыңбаев) енді.
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі тан қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін топтарға біріктірді.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеуклері нәтижесінде, гүлді өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге ботаник – ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан және дермене жусан бір туыстық – жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктен өзін әр түрлі атайды. Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын енгізді.
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінінң 75 %-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі.
Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақсалалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны – 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнақтылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлендердің, лалагүлдердің т.б. тұқымдастары жатады.

Оцени ответ

Загрузить картинку
Не нравится ответ?

Если ответ на твой вопрос отсутствует, или он не полный, то рекомендуем найти информацию через поиск на сайте.

Найти другие ответы
Новые вопросы и ответы