98 баллов.Просто напечатайте текст с картинки.

98 баллов.Просто напечатайте текст с картинки.

Объяснение:Мәтінді оқыңыз. Дұрыс жауабын табыңыз.Үш ағайынды өмір сүріпті. Бір күні әкелері өледі. Ағайындылардың үлкендері бұған ешқандай қайғырмайды. Ең кішкентай баласы ғана қатты қайғырады. Түні бойы әкесінің басында отырып жылайды. Таңертең қатты шаршап ұйықтап қалады. Таңертең төсектің жанында ұйықтап жатқан інісін көрген ағайындылар қуанады. Олар:-Оһо, ұйықтасын осылай, әкемізден қалған дүниені өз арамызда бөлісеміз,-дейді. Малдарды, үйді қайырымсыз ағалары өздері бөліп алады. Інілеріне ештеңе қалдырмайды. Бірінің үлесіне үй мен егістік, екіншісіне мал қорасымен тиеді. Біраздан соң кішкентай інілері ұйқыдан тұрғанда, оны мазақтап:-Е,е... Дүниені бөлер кезде ұйықтап жаттың. Біз не істей аламыз? Енді ұйқы сенің үлесің болсын,-дейді.Бүкіл ауылдың адамдары кішкентай інілеріне жасаған опасыздықтары үшін үлкен ағаларына қатты ренжиді Ал бала оған ешқандай мән бермейді. Ағалары күні бойы егістікте қорада жұмыс істеген уақытта інілері көлеңкеге барып ұйқысын жалғастырыпты.Күн өте ыстық және жұмыс та ауыр еді. Кеш болысымен ағайындылар бірнеше тілім нан жеп алады. Енді бірі бөлмеде, екіншісі қораның жанындағы шөптің үстінде ұйықтамақшы болады. Бөлмеде үлкен ағасы тәтті ұйқыға енді кірісе бергенде інісі оны сілкілеп оятып:-Кәне, тұр. Ұйқының менің үлесіме тигенін білесің. Ұйқы жалғыз маған ғана тиісті. Сендерге ұйықтауға болмайды,-дейді.Екінші ағасын да түнде рақаттанып ұйықтап жатқан кезінде оятады. Ағаларын түндер бойы ұйықтатпайды. Інілері күндіз жұмыс істемей, күні бойы ұйықтап, түнде ағаларын ұйықтатпапты. Ағаларының көздері жұмылып бара жатса: "Ей, ұйықтамаңдар, ұйқы менікі"-деп, еш ұйқы бермепті. Ауыл адамдары да кішкентай балаға риза болады. "Бала ұйықтады деп оған ештеңе бермеді. Бұл жаза ағаларына әлі де аз",-дейді. Соңында ағайындылар қатты шаршайды, жұмыс істей алмай қалады. Ауылдың үлкендеріне барып, бұл іске бір шара табуын өтінеді. Ауылдың үлкендері мұраның қайтадан бөлінуін, әркімнің өз үлестерін алуын талап етеді. Айтқандары болып, әркім өз үлесін алады.

Оценить ответ

Загрузить картинку
Не нравится ответ?

Если ответ на твой вопрос отсутствует, или он не полный, то рекомендуем найти информацию через поиск на сайте.

Найти другие ответы
Новые вопросы и ответы